jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Ұшақта 69 адам болған: ТЖМ Ақтауда ұшақ апатына қатысты жаңа мәлімет таратты

    Ақтаудағы ұшақ апаты
    Ақтаудағы ұшақ апаты. Фото: t.me/mangystaumedia

    Төтенше жағдайлар министрлігі Ақтау маңында болған ұшақ апаты туралы нақтыланған деректерді жариялады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

    "Нақтыланған ақпарат бойынша, сағат 11:00-де Маңғыстау облысы төтенше жағдайлар департаментіне Баку-Грозный бағытында ұшқан Azerbaijan Airlines әуе компаниясына тиесілі Embraer 190AR ұшағы Ақтау қаласында апатты жағдайда қонғаны туралы хабар берілді.

    Алдын ала ақпарат бойынша, ұшақ бортында 69 адам болған, оның бесеуі – экипаж мүшесі. Бортта 49 Әзербайжан, 16 РФ, 6 Қазақстан, 3 Қырғызтан азаматы болған. Төтенше жағдайлар қызметінің күштері мен құралдары дереу әуежайға жіберілді.

    Сағат 11:30-да әуежайдан 3 шақырым жерде ұшақ құлағаны туралы ақпарат келіп түсті. Сағат 12:05-те өрт сөндіріліп, республикалық штаб құрылды. Барлығы 287 адам мен 65 техника жұмылдырылған. Құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. 28 адам ауруханаға жатқызылды, оның ішінде екеуі бала", - деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілі.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.