jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Ақтаудағы ұшақ апаты: ішкі істер министрі тергеуді бақылауға алды

    Ақтаудағы ұшақ апаты
    Ақтаудағы ұшақ апаты. Фото: ТЖМ

    Ішкі істер министрі Ақтаудағы ұшақ апатын тергеуді бақылауға алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ІІМ-нің Telegram-дағы арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Ақтау қаласының маңында АZAL әуе компаниясы ұшағының апатқа ұшырау фактісі бойынша Ішкі істер министрлігі Қылмыстық кодексінің 344-бабының 3-бөлігі, яғни екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан әуе көлігінің қозғалысы немесе пайдалану қауіпсіздігі қағидаларын бұзу бойынша қылмыстық іс қозғады.

    ІІМ, Маңғыстау облысы және Көліктегі полиция департаменттері қызметкерлерінен жедел-тергеу тобы құрылды.

    Оқиға орнында ІІМ басшылығы жүр.

    "Тергеу барысы ішкі істер министрінің бақылауында", - делінген хабарда.

    Ақтаудағы ұшақ апаты: ішкі істер министрі тергеуді бақылауға алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.