Ақтаудағы ұшақ апаты: экипаж мүшелерінің тізімі жарияланды
Жарияланған күні:
Ақтау маңында құлаған ұшақта бес экипаж мүшесі болған. Аzerbaijan Airlines (AZAL) әуе компаниясы Telegram-дағы ресми арнасында Баку-Грозный бағытында ұшып бара жатып, Ақтау маңына құлаған ұшақ бортында болған жолаушылар тізімін жария етті, Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
J2-8243 нөмірлі Embrarer 190AR ұшағының экипажы тізімі:
1. Кшнякин Игорь
2. Кальянинов Александар
3. Алиева Хокума
4. Асадов Зульфугар
5. Рагимли Айдан.
Бұған дейін Аzerbaijan Airlines (AZAL) әуе компаниясы Telegram-дағы ресми арнасында Ақтау маңына құлаған ұшақ бортында болған жолаушылар тізімін жария еткен болатын. Тізімде 62 адам тіркелген.
Айта кетейік, бұған дейін Ақтау маңында Бакуден Грозныйға ұшып бара жатқан ұшақ апатқа ұшырағаны хабарланған.
Ақтау қаласының маңында "Баку-Грозный" бағытындағы ұшақ апатқа ұшырады. Бұл ұшақ Azerbaijan Airlines авиакомпаниясына тиесілі", - делінген Көлік министрлігінің хабарламасында.
"Алдын ала ақпаратқа сәйкес, бортта 37 Әзербайжан, 6 Қазақстан, 3 Қырғызстан, 16 РФ азаматы болған", - делінген хабарда.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2204817-aqtaudagy-ushaq-apaty-ekipazh-mushelerining-tizimi-zhariialandy/