Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қостанайлық белгілі стоматолог Ақтауда апатқа ұшыраған ұшақ ішінде болған

Жарияланған күні:

Сәлима Джутаева
Фото: instagram.com/dr.salima.stom/

Кешегі Ақтауда болған ұшақ апатынан қаза тапқандардың бірі – қостанайлық белгілі тіс дәрігері Сәлима Джутаева. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

2024 жылдың 25 желтоқсанында Ақтауда ұшақ апаты туралы қайғылы хабар Қазақстанды дүр сілкіндірді. Кейін ұшақта қостанайлық белгілі тіс дәрігері Сәлима Джутаева болғаны белгілі болды. Өкінішке қарай, ол аман қалмаған.

Сәлима Джутаева
Фото: instagram.com/dr.salima.stom/

29 жаста болған Сәлима Қостанайда тіс дәрігері болып жұмыс істеген. Сәлиманың өлімі қостанайлық медицина қауымын, оның отбасы мен достарын үлкен қайғыға душар етті. Оны танитын жүздеген адам оның қазасына қайғырып, отбасы мен жақындарына көңіл айтуда.

Оның әлеуметтік желідегі парақшасында таныстары соңғы уақытқа дейін оның аман қалғанына сеніп, құтқарылған жолаушылар арасында оның есімін көреміз деп үміттенгенін айтады.

Сәлиманың пациенттерінің бірі Жанна Мұсабаева ол туралы өз естелігін бөлісті.

"Мен оны мейірімді, жанашыр, өз ісін сүйетін және қашан да адамдарға көмектесуге дайын тұратын адам ретінде танитын едім. Ақтау маңындағы ұшақ бортында қаза тапқан алты қазақстандықтың қатарында Сәлиманың да бар екенін білдім. Осындай ақ жарқын адам өмірден өткені өкінішті. Сәлиманың отбасы мен туыстарына көңіл айтамын"- деді қыз.

Қостанайдың тағы бір тұрғыны Ая Сәлиманың өліміне әлі де сенбейтінін айтады.

"Менің ойымша, ол Грозныйға кеткен сияқты болып көрінеді. Әдеттегідей 15 күннен кейін Қостанайға оралатындай көрінеді. Бірақ енді қайтып оралмайды. Ең тап-таза адам көкке ұшты. Жатқан жері жайлы болсын. Құдай кейде осындай адамдарды алып кететін шығар. Бірақ бәрі де Алланың қалауымен, жүрегімізде мәңгі, мәңгі сақталады. Мен оны мәңгі ұмытпаймын", - деп түйіндеді бойжеткен.

Сонымен қатар Қостанай облысының әкімдігі марқұмның туыстарымен хабарласқанын мәлімдеді.

"Облыс әкімдігі туыстарымен байланысып, барлық қажетті көмекті ұсынды", - деді облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының міндетін атқарушы Динара Қарымсақова.

Еске салайық, Ақтау маңында Бакуден Грозныйға ұшып бара жатқан ұшақ апатқа ұшырады.

Кейін Маңғыстау облысының Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері Ақтауда ұшақ апатынан аман қалғандардың тізімін жариялады. Соңғы мәліметтер бойынша, апаттан 38 адам қаза тапқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2205375-qostanailyq-belgili-stomatolog-apatqa-usharagan-ushaq-ishinde-bolgan/