Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Құтқарушы көзімен: ТЖМ қызметкерлерінің апат орнындағы алғашқы минуттары қалай өтті

Жарияланған күні:

Embraer 190 жолаушы ұшағы құлаған орын. Ақтау, Маңғыстау облысы
Embraer 190 жолаушы ұшағы құлаған орын. Фото: t.me/qr_tjm

25 желтоқсанда Ақтау қаласы маңындағы әуе апаты орнына алғашқылардың бірі болып Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері жетті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ТЖМ таратқан мәліметке сүйене отырып хабарлайды.

Орталық мамандары зардап шеккендерге жедел көмек көрсетіп, медициналық мекемеге жеткізді. Ерекше жанқиярлық танытқандар қатарында медицина орталығы бригадасының жүргізуші-санитары Қожабек Аллабергенов те бар.

"Түтін көрген бойда, менің көлігім жылдам болғандықтан, барлығынан озып, апат орнына бірінші болып баруға тырыстым. Бірінші болып көмек көрсетуге дәрігерім екеуміз кірістік. Орындыққа қысылып қалған әйел кісіні дәрігер екеуміз шығарып алдық.

Содан кейін дәрігер басқа да жолаушыларды шығар деп тапсырып, өзі іште жүкті әйелдер немесе балалар болса, соларға көмектесуге кіріп кетті. Сол мезетте өрт сөндірушілер келіп, солармен бірге зардап шеккен адамдарға көмек көрсетіп, оларды ауруханаға жеткіздік” – дейді Қожабек Аллабергенов.

Осы жағдай төтенше жағдайда құтқарушылар мен дәрігерлердің шұғыл әрі жинақы іс-қимылы маңызды екенін тағы да көрсетті, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2206125-qutqarushy-kozimen-tzhm-qyzmetkerlerining-apat-ornyndagy-algashqy-minuttary/