jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    ДМ
    Динар Мұрат
    Бұрынғы қызметкер

    Астанадағы көпірлердің бірінде жол апаты болып, бір адам қаза тапты

    Астана көпірлерінің біріндегі жол апаты
    Жол апаты. Видеодан кадр: instagram.com/astana__sergek

    Астанадағы көпірлердің бірінде жол-көлік оқиғасы салдарынан бір адам қаза тауып, тағы біреуі жарақат алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Оқиға орнынан түсірілген видеоны Instagram-дағы astana__sergek парақшасы жариялады. Видеодан қираған көлік пен оның жанында полиция қызметкерлерінің тұрғанын көруге болады.

    Елордалық полиция департаменті мәліметінше, апат М-1 көпірінде болған.

    Toyota көлігінің жүргізушісі Қошқарбаев көшесінен Сарайшық көшесіне қарай келе жатып, рульді басқара алмай, жоғары жылдамдықпен көпірдің қоршауына соғылған.

    "Жол-көлік оқиғасы салдарынан көліктің жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Ал жүргізуші түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді", - деп хабарлады жол полициясы.

    Бұған дейін Астана көшелерінің бірінде рульге ие бола алмаған кроссовер жүргізушісі тоннель қабырғасын соғып, керамикалық плиталарды сындырғанын жазған болатынбыз.

    Ал елордалық әуежай маңында Kia және Hyundai көліктері соқтығысып, соңғысының жүргізушісі ауруханаға жатқызылған болатын.

    Қаза айында ел астанасында Chevrolet және "ВАЗ" көлігінің қатысуымен жол апаты болды. Салдарынан көліктердің бірі бүйіріне аударылып қалған еді.

    Астанадағы көпірлердің бірінде жол апаты болып, бір адам қаза тапты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.