jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ДМ
    Динар Мұрат
    Бұрынғы қызметкер

    Ұшақ апатынан зардап шеккен үш әзербайжандық елдеріне аман-есен жөнелтілді

    Ақтаудағы ұшақ апаты
    Науқастарды эвакуациялау. Видеодан кадр: t.me/qr_tjm

    Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары ұшақ апатында зардап шеккен Әзербайжан Республикасының үш азаматын Ақтау әуежайына аман-есен жеткізді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

    Құтқарушылар көрші елдің төтенше жағдайлар қызметімен бірлесе отырып, зардап шеккендерді тасымалдау мен қажетті көмек көрсетуді ұйымдастырды.

    "Бұл жағдай біздің елдеріміз арасындағы тығыз ынтымақтастық пен достық қарым-қатынастың, сондай-ақ Қазақстанның төтенше жағдайлар кезінде әрдайым көмек көрсетуге дайын екендігінің айқын көрінісі", – делінген мәлімдемеде.

    Қазақстан ТЖМ адамдардың қауіпсіздігі мен амандығына бағытталған өзінің маңызды жұмысын жалғастыруда.

    Ұшақ апаты

    Айта кетейік, 25 желтоқсанда Бакуден Грозныйға бет алған ұшақ Ақтау маңында апатқа ұшырады.

    Қазақстан Көлік министрлігі алдын ала ақпаратқа сәйкес ұшақ бортында 62 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болғанын хабарлады.

    Бортта 42 Әзербайжан, 16 РФ, 6 Қазақстан, 3 Қырғызстан азаматы болған.

    Көп ұзамай Ақтауда апатқа ұшыраған ұшақта 38 адам қаза тапқаны белгілі болды. Өкінішке қарай, аман қалғандардың арасында қазақстандықтар жоқ екені хабарланды.

    26 желтоқсанда Euronews генттігі Әзербайжан үкіметіндегі дереккөзге сілтеме жасап, Ақтаудағы қайғылы оқиғаға Ресейдің Грозный үстінен ұшырылған зымыраны себеп болғаны туралы ақпарат жариялады.

    Кейін Ресей авиациясының басшысы Дмитрий Ядров 25 желтоқсанда Embraer жолаушылар ұшағының Маңғыстауда апатқа ұшырауына қатысты мәлімдеме жасаған еді. Ол Қазақстанға құлаған жолаушы ұшағы Грозный әуежайына "Ковер" режиміне байланысты қона алмағанын, Шешенстан астанасы әуе кеңістігінде мұндай режим Украина шабуылына байланысты енгізілгенін мәлімдеді.

    28 желтоқсанда Ресей президенті Владимир Путин Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевпен телефон арқылы сөйлесіп, РФ әуе кеңістігінде болған қайғылы жағдай үшін кешірім сұрады. Сондай-ақ Ресей Тергеу комитеті осы жайт бойынша қылмыстық іс қозғағаны мәлім болды.

    Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Әзербайжан телеарнасына берген сұхбатында Ақтау маңында AZAL ұшағының апатқа ұшырауының бірқатар себебін атады.

    Ұшақ апатынан зардап шеккен үш әзербайжандық елдеріне аман-есен жөнелтілді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.