Шымкентте құрылыс материалдары қоймасында өрт шықты
Жарияланған күні:
Бүгін, 5 қаңтарға қараған түнде Шымкентте ірі өрт болып, құрылыс материалдары сақталған қойма өртенді. Оқыс жағдайдан зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
"Бүгін түнде Еңбекші ауданында Сайрамская көшесі бойындағы жеке аумақта орналасқан қоймада құрылыс материалдары жанды", - делінген ведомство хабарламасында.
Құтқарушылардың жедел әрекеттерінің арқасында 340 шаршы метр алаңда өрт толықтай сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр.
ТЖМ кәсіпкерлерден өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрады.
Айта кетейік, бұған дейін Шымкенттегі Абай ауданында жеке тұрғын үйден өрт шыққанын жазған едік.
Сонымен қатар 2024 жылғы желтоқсан айында Шымкентте жол бойында Audi көлігінің қозғалтқыш бөлігі өртенген.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2208012-shymkentte-qurylys-materialdary-qoimasynda-ort-shyqty/