jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні жүріп өтті: өңірде көшкін қаупі жарияланды (видео)

    ШҚО-дағы қар көшкінінен кейінгі жол
    ШҚО-дағы қар көшкінінен кейінгі жол. Скриншот: t.me/qr_tjm

    Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні жүріп, облыстық маңызы бар жолды басып қалған. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігінің ресми Telegram-каналына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    "Қазселденқорғау" ММ мәліметінше, Ұлан ауданында облыстық маңызы бар "Өскемен - Самара" автожолының 101-шақырымында жауын-шашынның мол түсуіне және желдің күшеюіне байланысты жалпы көлемі 370 м3 қар көшкіні өздігінен түсті.

    Зардап шеккендер жоқ. Қар көшкіні жолды жауып тастады. Жол "Облшығысжол" ЖШС күшімен тазартылды", - делінген министрлік хабарламасында.

    Өңірде 2025 жылғы 17-20 қаңтар аралығында облыстың таулы аудандарында көшкін қаупі жарияланды.

    "ТЖМ тұрғындарға тауға барудан бас тартуды ұсынады. Көшкін қаупі бар көптеген ошақ автомобиль жолдарына қауіп төндіреді, олардың жанынан өтіп бара жатқанда тоқтамаңыз, қауіпті аймақтан жылдам кетуге тырысыңыз", - дейді төтеншеліктер.

    Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні жүріп өтті: өңірде көшкін қаупі жарияланды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.