jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    19 жастағы атақты модель 20-қабаттан жалаңаш күйінде құлап көз жұмды (фото)

    : UGC

    Куала-Лумпурде 19 жастағы атақты голландиялық модель 20-қабаттан жалаңаш күйінде құлап, қаза болды. Бойжеткен өзіне қол жұмсады деген болжам бар. Алайда марқұмның ата-анасы оның денесінен соққыдан көгерген іздерді байқаған. Сол себепті істі қайта қарауды талап етіп отыр деп хабарлайды freemalaysiatoday.com сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

    Қайғылы оқиғаны полициялар өзіне қол жұмсады деп жылы жауып қойған. Бірақ өлімді жұмбақтап тұрған дәлелдер жетерлік. Мәселен, Ивана Смит таңғы жетілер шамасында көз жұмады. Бірақ полицияға оның өлгені туралы күндіз сағат 15-00-де хабарланған.

    Сондай-ақ, Ивананың әкесі Роберт Смит мәйітханада қызының денесін көргенде оның мойын тұсынан соққының ізіне ұқсас көк дақтарды байқапты.

    Модель көз жұмардан бір күн бұрын пәтерлес америкалық азамат пен қазақстандық әйелдің отбасымен бірге болған.

    Қайғылы оқиға орын алған үйдің көршілері таңға жуық айқай-шу естігендерін айтады.

    Істі тексеру барысында полицейлер Ивананың алкогольдік ішімдік, экстаз және амфетамин қабылдағанын анықтады. Алайда өлімнің негізгі себебі бұл болмауы мүмкін дейді Ивананы жоқтаушылар.

    Әзірге қыздың киім-кешегі табылды. Ал іш киім мен аяқ киімін полиция таба алмады.

    Бізбен бөлісер қызықты жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

    Тағы оқыңыздар:

    "Әскер жіберген жоқпыз": ІІМ орынбасары Қарағандыдағы жағдайға қатысты түсінік берді

    Қызылордада базарға күшік сатуға кеткен екі оқушы төрт күннен бері табылмай жатыр (фото)

    Қарағандыда облыс әкімі түні бойы шахта кезген: 154 адам жер астынан шықты (фото)

    Ернар Айдар алғаш рет елден жасырған келіншегі туралы айтып берді

    Ақтөбеде улы қоспалармен алкоголь өнімдерін шығарған жасырын цех әшкере болды

    19 жастағы атақты модель 20-қабаттан жалаңаш күйінде құлап көз жұмды (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.