jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    12 жасар ержүрек оқушы екі сыныптасын құтқарамын деп өз өмірін құрбан етті (фото)

    : UGC

    Ұлыбританияда 12 жасар оқушы суға батқан сыныптастарын құтқарамын деп өз өмірін құрбан етті. Бұл туралы NUR.KZ порталы life.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    12 жасар ержүрек оқушы екі сыныптасын құтқарамын деп өз өмірін құрбан етті. Фото: life.ru
    12 жасар ержүрек оқушы екі сыныптасын құтқарамын деп өз өмірін құрбан етті. Фото: life.ru: UGC

    Бистон тұрғыны Оуэн Дженкинс достары Джорги Майерс пен Челси Холройданың өмірін құтқарып қалды.

    Дарынды оқушы әрі спортшы болған Оуэн 2016 жылдың 10 шілдесінде бес досымен бірге Трент өзеніне шомылуға барады.

    Сағат кешкі алтыда шомылып жүрген Джорги мен Челси суға бата бастайды. Оуэн еш ойланбастан оларға көмекке асыққан.

    "Мен Оуэенге "көмектес, батып барамыз" деп айқайлап жібердім. Ол мені кішкентай бала секілді судан суырып шығарды. Кейін мені жерге жатқызып, Джоргиді құтқаруға кетті", - дейді Челси.

    12 жасар ержүрек оқушы екі сыныптасын құтқарамын деп өз өмірін құрбан етті (фото)
    12 жасар ержүрек оқушы екі сыныптасын құтқарамын деп өз өмірін құрбан етті (фото): UGC

    Сол сәтте өзен ағысы қатая түсіп, Оуэн сыныптас қызы Джоргиді жағажайға итеріп үлгереді. Қалған достары Джоргиді ұстап үлгергенде, Оуэн ағын екпініне төтеп бере алмай, өзі су астына кеткен.

    Жеткіншекті тікұшақпен бір топ құтқарушы іздегенімен, ержүрек Оуэннің жансыз денесі тек кешкі уақытта жағажайдан табылған.

    Оуэннің ерлігіне тәнті болған жергілікті тұрғындар оның регби ойнайтын алаңына гүл шоқтарын әкелуде.

    Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

    12 жасар ержүрек оқушы екі сыныптасын құтқарамын деп өз өмірін құрбан етті (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.