jitsu gif
Оқыс оқиға

    ШҚО-да өртенген үйден екі сәбидің мәйіті табылды

    : Twitter

    Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданында өртенген үйден екі баланың денесі табылды деп хабарлайды "ҚазАқпарат" агенттігі.

    Көрнекі фото: ktrk.kg
    Көрнекі фото: ktrk.kg: Twitter

    Оқиға Каменка ауылының Студенттер көшесінде түсте орын алған. Ал жалын есік-терезелер мен жиһаздарды, киім-кешектерді шарпыған екен.

    Көмекке келген көршілер жатын бөлменің бір бұрышынан 3 жасар қыз бен 1,5 жасар баланың өлі денесін тауып алыпты. 38 шақырым жерден өрт сөндірушілер жеткен кезде от үйді түгел шарпып үлгерсе керек.

    Тілсіз жау 1,5 сағаттан кейін ғана тоқтатылған. Өртке балалардың абайсыз ойыны себеп болды деген болжам бар.

    "Бұл бала шалағайлығының кесірінен адам өліміне әкеп соқтырған жалғыз оқиға. Жыл басынан бері балалар  өртке себепкер болды. Соған қарамастан ата-аналар балаларын үйде қараусыз қалдыруын қояр емес"- деді облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызмет басшысы Анастасия Скляр.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.