jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Риза Шайқақ
    Риза Шайқақ
    Бұрынғы қызметкер

    "Есіктен құлаған": Түркістан облысында 5- сынып оқушысын автобус қағып кетті

    : Facebook

    Түркістан облысында 5 сыныпта оқитын баланы оқушылар тасымалдайтын автобус басып кеткен. 11 жастағы Мейрамбек Рысбеков жүріп бара жатқан автобустан түсіп қалып, мерт болды деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.

    Көрнекі фото: grodnonews.by
    Көрнекі фото: grodnonews.by: Facebook

    Қайғылы жағдай ағымдағы жылдың 29 қаңтар күні Келес ауданына қарасты Жүзімдік ауылында болған. Аталған автобус төрт шақырым жердегі көрші Бірлесу ауылдық округінен балаларды тасымалдаған екен.

    "Таңертең сағат 8-де үйден шығып кеткен. Автобусқа мінген кезде оның сынып жетекшісі Эльмира Күзербаева автобустың есігін қарап тұрасың деп тұрғызып қойған. Шамамен 60 шақты бала мінген. Балалардың айтуынша, ол 700 метрдей жүргенде 10 сыныпта оқитын бір қызбен екеуі ұрсысып қалады. Ол баламды үш-төрт рет тепкен.
    Сол кезде жүріп бара жатқан автобустың есігі ашылып кетеді. Оны тергеушіге жүргізушінің өзі де мойындаған. Ал балам автобустың есігінен ұстап қалған. Сол кезде әлгі қыз баламның қолынан ұрып, ол құлап кеткен. Мейрамбек алдыңғы есіктен құлап, артқы дөңгелек оны басып өткен. Бірақ автобус тоқтамастан, мектепке бір-ақ барған. Балалар болған оқиғаны  апайларына  айтқан. Оны шамамен 20 минуттан кейін басқа ауыл тұрғыны өліп жатқан жерінен тауып алған",- дейді баланың әкесі Бектұрсын Сәтбаев.

    Қазіргі таңда тергеу шаралары жүргізілуде. Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

    "Есіктен құлаған": Түркістан облысында 5- сынып оқушысын автобус қағып кетті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.