jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Шымкентте пәтерден денесі табылған екі жігітке қатысты жаңа дерек шықты

    : Instagram

    24 ақпанда Шымкенттегі көпқабатты үйлердің бірінен денесі табылғаны хабарланған екі әскери жігітке қатысты жаңа дерек шықты. Анықталғандай марқұмдардың тек біреуі ғана әскери бөлімде қызмет еткен, ал екіншісі саудамен айналысқан деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ КТК арнасына сілтеме жасап.

    Көрнекі фото: deita.ru
    Көрнекі фото: deita.ru: Depositphotos

    Телеарнаның мәліметінше, көз жұмған 28 және 26 жастағы жігіттер бір-біріне немере туыс.

    Шымкентке Жетісайдан келген ағайындылардың үлкені әскери бөлімде әуе кемесінің механигі болып қызмет етіпті.

    Ал оның немере інісі саудамен айналысқан. Марқұмдар туралы көршілері тек жақсы жағынан білетінін айтады.

    Ал олардың денесін таңертең ағасының әскери қаруластары жұмысқа әкетуге келгенде тапқан.

    Есікті ашпаған соң, бұзып кірген олар екі денені көрген.

    Төтеншеліктер қайғылы жағдай газдың "бір сәтке үзілуінен болуы мүмкін" деп болжап отыр.

    "Үйді жылыту мақсатында газ плитаны қолданған. Газ берудің үзілуі салдарынан ба? Неден қайтыс болғанын сараптама қортындысынан кейін белгілі болады. Газды  не себептен қосқаны әлі белгісіз. Бірақ барған кезде газ плитаның газы қосылып тұрған, бөлме газ иісіне толған", - дейді Шымкент қалалық ТЖД басқарма бастығы Бауыржан Ізбасаров.

    Дереккөз КТК арнасы

    Еске сала кетейік, бұған дейін, Шымкентте көпқабатты тұрғын үйлердің біріндегі пәтерден екі ер азаматтың денесі табылғаны хабарланған.

    Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

    Шымкентте пәтерден денесі табылған екі жігітке қатысты жаңа дерек шықты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.