jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Азамат Қабетов
    Азамат Қабетов
    Бұрынғы қызметкер

    Басын қабырғаға ұрған: Алматыда қонақүйде көз жұмған сәбидің өліміне қатысты деректер шықты

    : UGC

    Журналистер оңтүстік астанадағы бес жұлдызды қонақүйде бір жасар қыздың өліміне қатысты жаңа мәліметтерді анықтады. Бұл істегі басты күдікті – қайтыс болған сәбидің әкесі деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Астана телеарнасына сілтеме жасап.

    "Басын қабырғаға ұрған": Алматыдағы қонақүйде қыздың өліміне қатысты жаңа мәліметтер пайда болды
    Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

    Мемлекеттік айыптаушының айтуынша, Ұлыбритания азаматы "баланың басын қабырғаға ұрып", кейін қыздың мәйітін есік алдына тастапты.

    Медициналық сараптаманың қорытындысы өлген қыздың барлық сүйектері, соның ішінде басы сынғанын көрсетті. Мидың мелжемдеуі де атап өтілді.

    Сонымен бірге айыптау қорытындысында баланың өліміне оның ата-анасы - қазақстандық әйел мен Ұлыбритания азаматы арасындағы жанжал себеп болғаны көрсетілген.

    Қайғылы оқиға болған күні ер адам қатты мас болған, сол үшін оның ұшақты басқара алмайтындығы айтылған.

    Әйелі күйеуінің өтініші бойынша жұмыс істейтін әуе компаниясына қоңырау шалып, оның жағдайы нашар екенін жеткізеді. Осыдан кейін жанжал басталып кеткен.

    Қыз бала ересектердің айқай-шуынан оянып кетіпті, содан кейін ер адам бар ашу-ызасын нәрестеден алуды көздеген.

    Қонақүй қызметкерлері сәбиді аман алып қалуға тырысқанымен, мұндай соққыдан кейін баланың тірі қалуға еш мүмкіндігі болмапты.

    Егер сот ер адамды кінәлі деп тапса, ол өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

    Еске сала кетсек, биыл алғашқы жарты жылда Алматыда бес бала терезеден құлап кеткен. Соңғы қайғылы жағдай кеше, 9 маусымда тіркелді. Оқыс оқиға салдарынан 2 жасар бала қайтыс болды.

    Басын қабырғаға ұрған: Алматыда қонақүйде көз жұмған сәбидің өліміне қатысты деректер шықты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.