jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Павлодар өңірінде бір үйір жылқы мұз астында қатып қалды

    Көрнекі
    Көрнекі фото: pavlodarnews

    Павлодар облысында бір үйір жылқы мұз астында қалды деп жазады Pavlodarnews.kz.

    Өңірдің полиция департаменті таратқан ақпаратқа сәйкес, 4 желтоқсанда Аққулы ауданындағы фермерлердің бірі 26 жылқысы жоғалғаны туралы полиция өкілдеріне хабарлаған.

    Жануарлардың қожайыны 1 желтоқсанға қараған түні Қазы ауылынан 10 шақырым жерде орналасқан жайылымнан белгісіз біреулер 26 жылқы ұрлағанын жеткізіпті.

    Ер адамның сөзінше, ол бірнеше күн бойы жоғалған жылқыларды өз бетінше іздеген.

    Тәртіп сақшылары хабарлама түсе салысымен арнайы жасақ құрып, аудандағы шекаралас аймақтардың бәрін шарлап шыққан.

    Олар іздеу жұмыстарының нәтижесінде 6 желтоқсанда Қазы ауылынан 15 шақырым жерде орналасқан Борлы көлінен мұздың астында сіресіп қатып қалған 26 жылқыны тауыпты.

    Осыған байланысты полиция қызметкерлері малды қараусыз қалдырмау қажеттігін еске салды. Ондай кезде мал ұрлығы да болуы әбден мүмкін. Сонымен қатар, құқық қорғау саласының мамандары малға ен салып отыруға кеңес берді.

    Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін синоптиктер 2020 жылдың қарашасынан 2021 жылдың наурызына дейінгі аралықта елімізде ауа райы қандай болатынын болжаған еді.

    Одан бөлек, Павлодарда алғашқы қар жұртты әбігерге салғанын жазған едік.

    Павлодар өңірінде бір үйір жылқы мұз астында қатып қалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.