Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көктайғақ, жол апаты мен кезек: Павлодарда алғашқы қар жұртты әбігерге салды

Опубликовано:

Павлодарда қар жауды
Видеодан кадр: instagram.com/tipavlo.dar

Павлодар облысында жауған алғашқы қар көпшілік үшін кұтпеген жағдай болды. Көлік жөндеу орталықтары мен дөңгелек ауыстыру нүктелеріндегі кезек бірнеше сағатқа жалғасты. Ал балалар аққала жасаумен әлек деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Алғашқы қар Павлодарға 24 қазан күні таңертең жауды. Жауын-шашын аса қатты байқалмаса да, көлік иелеріне біраз мәселе туындатты. Көбі бірден дөңгелек ауыстыруға аттанды.

Рәзіңке ауыстыруда да түрлі проблемалар туындаған. Мәселен, мына бір автокөлікке жөндеу жұмыстары қажет. Әзірге себептері белгісіз, бірақ желі қолданушылары көлік домкратының күші жетпеген деп болжам отыр.

Тұрғындар жауын-шашынның күшеюін 25 қазан күні байқаған.

Әсіресе, бұл қала сыртындағы тас жолда байқалады. Онда жол, тіпті, көрінбейді. Жүргізушілер қатты тайғақ екенін айтып, бір-біріне ескертіп жатыр.

Мына "ГАЗель" жүргізушісі тас жолдан ұшып кеткен. Полиция рөлде 57 жастағы азамат болғанын хабарлады. Ол рөлді басқара алмай қалған. Екі адам зардап шкті, ал көлікті айыппұл тұрағына алып кетті. Жол апаты Павлодар - Шарбақты тас жолында орын алды.

Ал балаларды қар қатты қуантқан. Қаланыңк кішкентай тұрғындары аққала жасапп, өз өнерлерін әлеуметтік желіде бөлісуді бастап кетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1881482-kktajgak-zol-apaty-men-kezek-pavlodarda-algasky-kar-zrtty-bigerge-saldy/

pixel