jitsu gif
Оқыс оқиға

    Қарағандыда контейнерден ер адамның мәйіті табылды

    мәйіт
    Көрнекі фото: van-horn.net

    Қарағандыда контейнерден 35 жастағы ер адамның денесі табылды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    "6 қаңтарда Қарағанды қаласында "Алтын арба" сауда үйінің ауданындағы контейнерлердің бірінен 35 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Денесінде күштеп өлтіру белгілері бар", - делінген хабарламада.

    Қарағанды полициясы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 37 жастағы ер адамды ұстады. Күдікті кінәсін мойындады. Айтуынша, ол марқұммен сөзге келіп қалған.

    Қылмыстық кодекстің 99-бабы "Адам өлтіру" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл бап бойынша сегіз жылдан он бес жылға дейiн бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

    Тергеу жалғасып жатыр. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтауда.

    Айта кетейік, Оралда биіктігі 4,5 метрлік вагоннан құлаған жұмысшы қайтыс болды. БҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің ақпаратынша, оқиға бүгін, 6 қаңтарда "Талап" АҚ құрылыс-өндірістік базасында болған.

    Осында жұмысшы болып істеген 1969 жылғы ер адам биіктігі 4,5 метр вагоннан құлап кетіп, басынан жарақат алған. Жедел жәрдем қызметі сағат 10.40-та шақырылған. Алайда ер адам жедел жәрдем келгенген дейін көз жұмған. Ведомствоның ақпаратынша, бұл – соңғы екі күнде өндіріс орнында болған екінші жағдай.

    5 қаңтарда кешкі уақытта Теректі ауданы Подстепный ауылында "Мыңжасаров" ЖК-ның сабын цехында 1975 жылғы жұмысшы мас күйінде станокқа түсіп қалған. Оң жақ қолы білезігінен қиылып кетіп, сол жақ иығы, омыртқа-қабырғалары сынған. Қазіргі кезде ер адам қалалық көпбейінді аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр.

    Қарағандыда контейнерден ер адамның мәйіті табылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.