jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Риза Шайқақ
    Риза Шайқақ
    Бұрынғы қызметкер

    "Сот машинаны кінәлі қылды": Ақтөбеде әскери қызметкердің жесірі көмек сұрайды

    жесір әйел көмек сұрайды
    Марқұм Талғат Нұрғалиевтің жанұясы. Фото: NUR.KZ

    Ақтөбеде күйеуінің өліміне кінәліні іздеген әскери қызметкердің жесірі Назгүл Талжанова көмек сұрайды. Марқұм Талғат Нұрғалиев Т.Бигельдинов атындағы әуе қорғаныш күштері әскери институтында көлік жүргізушісі болып қызмет еткен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Эпидемия кезінде дезинфекция жұмыстарын жүргізіп жүрген сәтте екі көліктің ортасына қыстырылып қалған. Ауыр жарақат алған азамат төрт күннен соң көз жұмды.

    Қайғылы оқиғаға қатысты сот үкімі де шықты.

    "Сот жаны жоқ машинаны кінәлі деп тұр. Ол машина өзінен өзі жүрмейді. Оны дұрыс қоймаған жүргізуші кінәлі. Әскери бөлім жауап беру керек. Оқиға орнында болған жүргізушіні кінәлі деп тауып, заң бойынша жазасын алу керек", - дейді Назгүл Талжанова.
    Марқұм Талғат Нұрғалиевтің жанұясы. Фото
    Марқұм Талғат Нұрғалиевтің жанұясы. Фото: NUR.KZ

    Ақтөбе гарнизоны әскери сотының үкімі өткен жылдың 25 желтоқсанында шыққан.

    Соттың баспасөз қызметі көлік қозғалысы кезінде рөлде жүргізуші болмағанын, ал сарапшылар апат тежегіштегі ақаудың кесірінен болды деген ұйғарым жасалғанын мәлімдейді.

    "Қазір әскери бөлімнің лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық іс қозғалды.  Бұзылып тұрған көлікті кімнің пайдалануға бергені тексерілетін болады", - дейді Ақтөбе гарнизоны әскери сотының баспасөз қызметі.

    Ал марқұмның жұбайы сот үкімімен келіспейді. Назгүл Талжанова аппеляциялық шағым түсірген.

    Үш баланың анасы күйеуінің қазасына көліктің рөлінде болған әскери қызметкерді кінәлайды.  

    Айта кетерлігі, қайтыс болған Талғат Нұрғалиев үшінші дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталған.

    "Сот машинаны кінәлі қылды": Ақтөбеде әскери қызметкердің жесірі көмек сұрайды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.