jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    Павлодарда қоқыс жәшігінің маңынан кілемге оралған ер адамның денесі табылды

    Фото
    Көрнекі фото: pixabay.com

    Павлодарда көпқабатты үйлердің бірінің тұрғындары қоқыс жәшігінің маңынан кілемге оралған ер адамның денесін тауып алды. Оқиға орнына келген полицейлер марқұмның кім екенін анықтаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Павлодар облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.

    Ер адамның денесі Лермонтов көшесі, 92 мекен жайындағы қоқыс жәшіктерінің арасынан табылған.

    Куәгерлердің сөзінше, марқұм кілемге оралған. Ал полиция зорлық-зомбылық белгілері бар 38 жастағы ер адамның денесі табылғанын хабарлады. Оның құрсақ қуысынан пышақ жарақатын алғаны белгілі болды.

    Тәртіп сақшыларының ақпаратына сүйенсек, кісі өлтірді деген күдікті анықталған. Ол 50 жастағы әйел адам болып шықты. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалған.

    Күдіктінің кінәсі дәлелденсе 8 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Қазір павлодарлық әйел уақытша ұстау изоляторында.

    "Бұл қылмыстың егжей-тегжейі сотқа дейінгі тергеу барысында анықталады", - дейді өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметі.

    Еске сала кетсек, бұған дейін Шымкентте өртенген көліктен ер адамның денесі табылған еді. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

    Сондай-ақ ер адамның денесі қатты күйіп қалғандықтан, оның кім екенін анықтау үшін генетикалық сараптама жасалатыны айтылды.

    Қалалық ТЖД мәліметінше, қайғылы жағдай 26 наурыз күні сағат 20:48-де әл-Фараби көшесінің бойында болған. Өртенген Toyota Camry 35 көлігі. Өрт 21:02-де ауыздықталып, 22 минутта сөндірілген.

    Павлодарда қоқыс жәшігінің маңынан кілемге оралған ер адамның денесі табылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.