jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    Есіл өзенінен дүйсенбі күні жоғалып кеткен ер адамның мәйіті табылды

    Өзен
    Көрнекі фото: CC0 / Наталья Коллегова

    Солтүстік Қазақстан облысында құтқарушылар Есіл өзенінен түсініксіз жағдайда жоғалып кеткен адамның мәйітін тапты деп хабарлады Sputnik Қазақстанға облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

    14 маусым күні кешке Есіл өзенінің жағасында Бірлік ауылының 1952 жылы туған тұрғыны белгісіз жағдайда жоғалып кетті.

    "Іздестіру жұмыстары кезінде Есіл ауданының Бірлік ауылынан Ильинка ауылына қарай екі шақырым жерде ер адамның көлігі табылды, сондай-ақ Есілдің жағасынан өзенге қарай кеткен адамның ізі табылды. Осыдан кейін облыстық төтенше жағдайлар департаменті жедел-құтқару жасағының сүңгуірлерін тарту туралы шешім қабылданды", - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

    Есіл өзеніндегі іздеу жұмыстары үш күнге созылды. Құтқарушылар мен сүңгуірлер Есіл өзенінің арнасымен 44 шақырымнан астам қашықтықты жүріп өтті. Судың лайлануы іздеу жұмыстарын қиындатты.    

    "Жоғалған азаматтың мәйітін іздестіру тобы Есіл өзенінің бойындағы Бірлік ауылынан 6 шақырым жерден тапты. Ер адам сырт киімде болған. Оның неден көз жұмғаны анықталып жатыр, сот-медициналық сараптама тағайындалды", - деп хабарлады ТЖ департаменті.

    Ведомство Есіл өзенінің Бірлік ауылының маңында орналасқан бөлігінде шомылуға рұқсат етілмейтінін атап өтті.

    Биыл облыстың су айдындарында сегіз адам, оның ішінде үш бала қаза болды.

    Есіл өзенінен дүйсенбі күні жоғалып кеткен ер адамның мәйіті табылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.