jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    Комада жатыр: Оралда жолаушылар пойызы ер адамды қағып кетті

    Теміржол
    Фото: NUR.KZ

    Нұр-Сұлтан - Орал бағытындағы жолаушылар пойызы теміржолдың рұқсат етілмеген бөлігінен өткен 25 жастағы ер адамды қағып кетті. Қайғылы оқиға Орал-Желаево өткелінде болған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    "Зардап шегуші аяғы мен арқа тұсынан жарақат алған. Қазір ол комада жатыр", - деп хабарлайды жолдың Орал уческелік бөлімінің бастығы Қуат Құламанов.

    Пойыз адамды қаққаннан кейін біраз уақытқа тоқтаған, бірақ қайтадан қозғалысты жалғастырған.

    Теміржолшылардың сөзінше, ер адам құлаққап тағып, жүріп келе жатқан пойыздың алдынан өтіп кетуге тырысқан. Оқиға Оралдағы төртінші шағын аудан маңында болған. Мұнда осындай жағдайлар жиі болады.

    Еске сала кетейік, бұған дейін Ақмола облысының Ерейментау стансасында пойыз он жасар ұл баланы қағып кеткенін жазған едік. Оқушы оқиға орнында көз жұмған.

    Қайғылы жағдай 10 мамыр түскі үштер шамасында Ерейментау стансасында болған. Мектепке соңғы қоңырау үшін суретке түсуге барған оқушы үйіне қайтып келе жатқан.

    Баланың ағасы Батырбек Біләловтің айтуынша, оқушы үйіне темір жол арқылы, тұрғындар күнде жүретін жалғызаяқ сүрлеумен келе жатқан. Ресми өткел 500 метр қашықта, алысырақ орналасқан.

    "Қарасу тұрғындары тыйым салынған белгілерге қарамастан жолды төтесінен кесіп жүреді. Бірақ сол маңда өсіп тұрған ағаштардан пойыздарды көру қиын. Оның үстіне сол күні жаңбыр жауып, жел тұрды. Екібастұздан шыққан құрам өткеннен кейін бала қозғала бастаған. Енді пойыз өтпейді деп ойлаған шығар. Оны Ерейментаудан шыққан пойыз қағып кетті", - деді қаза болған оқушының ағасы.

    Комада жатыр: Оралда жолаушылар пойызы ер адамды қағып кетті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.