jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Қызылорда облысында иен даладан белгісіз азаматтың денесі табылды

    иен дала11
    Көрнекі фото: pixabay.com

    Қызылорда облысында иен даладан белгісіз азаматтың денесі табылды. Ол бұған дейін із-түзсіз жоғалып кеткен С.Бегімбай болуы мүмкін деп хабарлайды Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

    Құзырлы органның мәліметінше, С.Бегімбай осы жылдың 12 қыркүйегінде өз басқаруындағы жеңіл көлікпен Нұр-Сұлтан қаласынан шығып, хабар-ошарсыз кеткен.

    Оның жоғалуына қатысты Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталған.

    Жігіттің қайда екенін анықтау үшін жедел іздестіру іс-шаралары ұйымдастырылып, оған жедел уәкілдер мен учаскелік полиция инспекторларынан құрылған бірнеше мобильді топтар, Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері, Ұлттық гвардияның сарбаздары және туған-туысқандары, жолдастары, еріктілер тартылған.

    Кешенді іздестіру іс-шараларына арнайы техникалар мен тікұшақ та тартылған.

    Нәтижесінде, 19 қазан күні "Қызылорда-Жезқазған" тасжолының 128-шақырымынан С.Бегімбайдың иелігінде болған жеңіл көлік пен оның жеке заттары табылып, айғақ зат ретінде алынған.

    Ал 22 қазан күні сағат шамамен 13:25-те "Қызылорда-Жезқазған" тасжолының 128 шақырымынан батысқа қарай 30-40 шақырым қашықтықтағы далалық жерден белгісіз азаматтың денесі табылған.

    Тергеу органы осы далалық жерден табылған белгісіз азаматтың денесі хабар-ошарсыз кеткен С.Бегімбайға тиесілі болуы мүмкін деп болжайды.

    Қазіргі уақытта, оқиға болған жерде жедел тергеу тобы мен Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.

    Қызылорда облысы Полиция департаменті тиісті сот-сараптамалары жүргізілгеннен кейін белгісіз азаматтың денесі нақты кімге тиесілі екені анықталатынын атап өтті.

    Қызылорда облысында иен даладан белгісіз азаматтың денесі табылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.