jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    От жағушы қаза тапты: Түркістан облысында ауыл мектебінің аумағында жарылыс болды (фото)

    Оқиға орны
    Оқиға орны. Фото: Түркістан облыстық ТЖД

    Сайрам ауданындағы Құрманғазы атындағы орта мектептің қазандығында жарылыс болып, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz

    Қайғылы жағдай Қайнар бұлақ ауылдық округі, Ошақты елді мекенінде болған.

    Бұл ақпаратты Түркістан облыстық төтенше жағдайлар департаменті растап отыр.

    Ведомсвто мәліметінше, Құрманғазы атындағы орта мектептің аумағындағы қазандықта бу жіберетін қазан жарылып, 20 шаршы метр болатын шатыр қираған.

    Соның салдарынан 1963 жылы туған ер адам оқиға орнында көз жұмған. Марқұмның аталған қазандықта от жағушы болып жұмыс істегені белгілі болды.

    "Оқиға орнында төтенше жағдайлар департаментінің 7 қызметкері мен екі техникасы, полиция департаментінің сегіз қызметкері мен екі техникасы жұмыс істеді", - делінген хабарламада.

    От жағушы қаза тапты: Түркістан облысында ауыл мектебінің аумағында жарылыс болды (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.