jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    Петропавлда өртенген тұрғын үйден бес адамның денесі табылды

    Өрт
    Оқиға орны. Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

    Петропавлда төрт пәтерлі кірпіш тұрғын үйден бес адамның денесі табылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Ведомствоның мәліметінше, 13 наурызда сағат 01:07 СҚО ТЖД жедел нөміріне Мәскеу өткеліндегі 4 пәтерлі кірпіш тұрғын үйден өрт шыққаны туралы хабарлама түскен.

    "Үйдің шатыры өртке оранған, қою түтін басқан. Өрттің шыққаны туралы хабарлама құзырлы органға кеш берілген", - делінген хабарламада.

    Өртті сөндіру барысында үйден 1975, 1979, 1960 жылдары туған үш ер адам мен 1960, 1967 жылдары туған 2 әйел адамның денесі табылған.

    Марқұмдардың денесі сот-медициналық сараптамаға жіберілді.

    Министрліктің мәліметінше, үй орталық жылыту жүйесіне қосылған. Өрт сағат 01.53-те ауыздықталып, сағат 02.24-те сөндірілген.

    Өрт сөндіруге 30 өрт сөндіруші мен 6 техникасы жұмылдырылған. Қызыл жалын 60 шаршы метрді шарпыған.

    "Өрттің шығуына алкогольдік ішімдік ішіп, төсекте темекі тарту себеп болуы мүмкін деген болжам бар. Келтірілген шығын мөлшері анықталуда.

    2022 жылғы 1 ақпанда № 5 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері аула аралау жұмыстары барысында өртте қайтыс болған ер адамдардың бірі, 1960 жылы туған ер адамға өрт қауіпсіздік ережелері жазылған жадынама табыс еткен болатын.

    Қаза тапқандар халықтың әлеуметтік осал топтары санатына жатпайды, спирттік ішімдік ішетін адамдар ретінде есепке алынбаған. Куәгерлердің айтуынша, өрт шығар алдында қайтыс болғандар спирттік ішімдік ішкен", - деп хабарлады министрліктен.

    Жалпы, биыл СҚО аумағында 115 өрт болып, 12 адам қаза тапқан, тағы 4 адам зардап шеккен. Сондай-ақ, келтірілген материалдық шығын шамамен 72 млн теңгені құраған.

    Осы ретте, ТЖМ азаматтарға өрт қауіпсіздік ережелерін сақтауға кеңес береді.

    Петропавлда өртенген тұрғын үйден бес адамның денесі табылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.