jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    "Баланың қабырғасын сындырып, жерге басымен құлатқан": Павлодар тұрғыны дәрігерлерге шағымданды

    Жедел жәрдем
    Көрнекі фото: NUR.KZ/ Петр Карандашов

    Павлодар тұрғыны жедел жәрдем қызметкерлеріне шағымданды. Келіншек ақ халаттылар оның бір жасар баласының қабырғасын сындырғанын, ал ауруханаға апара жатқан жолда басымен жерге құлатып алғанын айтты. Аталған жайтқа қатысты өңірдің денсаулық сақтау басқармасы пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Павлодарлықтың шағымы Instagram желісінде пайда болды. Келіншек баласының денесі құрысып, артынша жүрек талмасына ұласқан соң жедел жәрдем шақырған. Олар медицина қызметкерлерін тек бес минуттан кейін шақыра алған, ал дәрігерлер тез келген.

    "Оттегісіз көтерілді. Одан соң шұғыл көмек көрсету үшін басқа құралдарды алып келуге үш рет төмен түсті. Уақыт жоғалттық. Нәтижесінде менің бір жасар ұлыма алғашқы көмек көрсетіп жатып, қабырғасын сындырды. Бұл ештеңе емес. Ауруханаға бара жатқанда оны басымен жерге құлатып алды", - деді баланың анасы.

    Келіншектің сөзінше, қазір бала жансақтау бөлімінде. Ол жедел жәрдем қызметкерлеріне қатысты шара қолдануды талап етті. Бұл шағымға қатысты Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасы жауап берді

    "2021 жылы туған бала қазіргі уақытта облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы тұрақты ауыр. Диагнозы: Жедел екіжақты полисегментарлы пневмония. Қосымша диагноз: БЦП. ПМДК. Симптомдық эпилепсия. Құрысу синдромы. 8 қабырғасы сынған",- деді ведомство баспасөз қызметі.

    Аталған факті бойынша қызметтік тексеріс тағайындалды.

    "Баланың қабырғасын сындырып, жерге басымен құлатқан": Павлодар тұрғыны дәрігерлерге шағымданды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.