jitsu gif branding logo appbranding logo app

    "Ағын сумен келген болуы мүмкін": Куәгерлер Қарағандыда пакеттен табылған нәресте туралы айтып берді

    нәресте
    Көрнекі фото: pixabay.com

    Қарағандыда қоқыс пакетінен табылған сәбиді анасы даладағы ағын суға лақтырған болуы мүмкін. Арада 2 күн өтсе де пакет жатқан маңайдан күдікті әйел табылмаған. Куәгерлер нәрестенің мәйітін қалай тауып алғандарын айтып берді, деп хабарлайды Astana телеарнасы.

    Пакеттегі сәбидің денесінен ешбір зорлық-зомбылық белгілері байқалмаған. Тұрғындар европалық нәсілдегі балпанақтай ұл баланың жаңа ғана дүниеге келгенін кесілген кіндігінен- ақ анық білген.

    Қара пакетті Елена есімді әйелдің ұлы кешкісін өз гаражының бұрышынан тауып алған. Шошығанынан жақындары мен полицияны қоса шақырған.

    Әйелдің айтуынша, бұл маңайда күдікке ілінерлік ешкім жоқ. Жалпы куәгерлер қорқынышты пакет бұл маңайға қар суымен ағып келуі мүмкін екенін айтады. Олардың ойынша нәрестені анасы даладағы ағын суға лақтырып жіберуі мүмкін.

    "Ымырт кезі болатын. Ұлым гаражға келгенде пакетті көріп, ашып қалған. Тыр жалаңаш баланы көргенде шошып кетіпті. Дереу полицияға хабарластық. Бұл маңайдан біреу тастады деп ойламаймын.  Әп-сәтте жедел жәрдем келді. Алайда сәбиді құтқару мүмкін болмады. Шетінеп кетіпті", - дейді Елена.

    Тұрғындардың сөзінше, бүкіл ықшам ауданның суы осы жерге құйылады.

    "Баланың денесі сол қар суымен ағып келуі мүмкін. Оның үстіне пакеттың аузы  мұқият жабылған болды. Сәбиін тастаған адам сау емес, психикалық сырқат деп ойлаймын. Жануардың өзі күшігін өлтірмейді ғой", - дейді Виктор есімді куәгер.

    Телеарнаның хабарлауынша, полиция екі күннен бері көкек ананы іздеп жатыр. Бірақ әлі таппаған.

    "Аталған факт бойынша Қылмыстық кодекстің 100-бабы, яғни "жаңа туған сәбиді анасының өлтіруі" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде", - дейді Қарағанды облыстық ПД ресми өкілі Бақытжан Құдияров.

    Полиция сәбидің денесіне тиісті сот-медициналық сараптама жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.