jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    "Құтырма ауруына шалдыққан болуы мүмкін": Түркістан облысында былтыр ит тістеген жеткіншек көз жұмды

    Жедел жәрдем
    Көрнекі сурет: pixabay.com

    Түркістан облысында былтыр ит тістеп алған 14 жастағы жасөспірім көз жұмды. Болжам бойынша оның өліміне құтырма ауруы себеп болған, деп хабарлайды Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті.

    Ата-анасының сөзінше, былтыр мамыр айында ұлына ит шабуыл жасап, аяғын тістеп алған. Бірақ олар медициналық көмекке жүгінбей, өздері үйде емдеумен айналысқан.

    Тек бір жылға жуық уақыт өткен соң, 7 сәуірде жасөспірімде қорқыныш, үрей, дене температурасының жоғарылауы, сүйектер мен жарақат алған жердің ауырсынуы, су ішу кезінде ауаның жетіспеушілігі және жалпы әлсіздік сынды ауру бегілері байқалған.

    Келесі күні олар тұрғылықты жері бойынша емханаға жүгінген, ал дәрігерлер балаға сүйек ауруына қарсы ем тағайындаған. Соған қарамастан жасөспірімнің жағдайы нашарлай берген.

    Көп ұзамай жеткіншек бел тұсындағы ауруларға шағымдана бастаған. Ем-дом іздеген ата-ана жеке клиникаларға ғана емес, дәстүрлі емес медицина өкілдеріне де жүгіне бастаған.

    Ал УДЗ өткеннен кейін жасөспірімде бүйректегі қабыну анықталып, соған сәйкес ем алған. Бірақ жағдайы бері қарамай, ентігу, гидрофобия, аэрофобия пайда болған.

    Жағдайы күрт нашарлаған жеткіншек 10 сәуірде жедел жәрдем көлігімен аудандық ауруханаға жеткізілген. Жұқпалы аурулар бөлімінде оған "құтырма" диагнозы қойылған. Сол күннен бастап барлық отбасы мүшелері медициналық бақылауға алынған.

    Дегенмен сегізінші сынып оқушысын аман алып қалу мүмкін болмаған. Ол 11 сәуірде көз жұмған.

    Осы орайда медицина қызметкерлері дерттің алдын алу үшін дер кезінде медициналық көмекке жүгіну аса маңызды екенін еске салды.

    "Құтырма ауруына шалдыққан болуы мүмкін": Түркістан облысында былтыр ит тістеген жеткіншек көз жұмды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.