jitsu gif
Оқыс оқиға

    Жамбыл облысында атасымен бірге суға батып кеткен 7 жасар қыздың денесі табылды

    7 жасар қыздың денесі табылды
    Фото: instagram.com/jambyl_tjd

    Құтқарушылар Жамбыл облысында суға батып кеткен жеті жасар қыздың денесін тапты, деп хабарлайды облыстық ТЖД Instagram желісіндегі ресми парақшасында.

    ТЖД мәліметінше, кеше сағат 18.10-да гидроторапта шлюзды көтерген кезде қыздың денесі ағынмен ағып келген.

    "Сағат 18.10-да қыздың денесі гидротораптағы шлюзді көтеру кезінде ағынмен ағып келді. Оны ТЖД қызметкерлері мен жергілікті тұрғындар судан шығарды", – делінген ведомствоның хабарламасында.

    Баланы іздеу жұмыстарына Төтенше жағдайлар департаментінің 74 қызметкері және жеті техника, 100 жергілікті тұрғын, соның ішінде еріктілер мен жанашыр азаматтар да қатысты.

    Естеріңізге сала кетейік, Жамбыл облысының Талас өзенінде қарт ер адам мен оның немересі суға батып кеткен болатын. Ер адамның денесі табылып, баланы іздеу жұмыстары кешегі күнге дейін жалғасқан еді.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.