jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Еліміздің оңтүстігінде болған өрт екі кішкентай баланың өмірін қиды

    Екі бала терезеден қарап отыр
    Көрнекі фото: Рixabay.com

    Жамбыл облысында жеке тұрғын үйдегі өрт бес және екі жасар екі кішкентай бүлдіршіннің өмірін қиды. Полицейлер олардың өліміне қатысты тергеуді бастап кетті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Оқыс оқиға 2 желтоқсан күні (сенбіге қараған түні) сағат 23:55-те Шу қаласында болды. Түнде жеке үйлердің бірінде өрт шыққан.

    Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, тұрмыстық заттар мен жиһаздар жанған, яғни өрттің жалпы ауданы 30 шаршы метрді құрады.

    "Жамбыл облысы ТЖД Өрт сөндіру қызметінің күшімен сағат 00:10-да өрттің жалыны таралуын тоқтатты, ал сағат 00:35-те өрт толықтай ауыздықталды, – деп хабарлады ТЖД.

    Жалын сөнген кезде ғана оқиға орнынан 2017 және 2020 жылы туылған екі баланың күйіп кеткен мәйіті табылды.

    Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт кезінде балалар үлкендердің қарауынсыз үйде жалғыз қалған. Алдын ала мәлімет бойынша, қайтыс болған балалардың анасы балаларын үйіне қалдырып, есікті сыртынан жауып, кетіп қалған.

    Сонымен қатар, Төтенше жағдайлар департаменті биыл 22 қазанда тұрғындармен профилактикалық жұмыс барысында өрт сөндірушілер үйге барғанын хабарлады: тұрғындарға өрт қауіпсіздігі ережелері түсіндірілген.

    Аталған факті бойынша Шу ауданының полиция бөлімінде Қылмыстық кодекстің 292-бабының 3-бөлігі "Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Аталған қылмыстық іс аясында тергеу амалдары жүргізілуде.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.