jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Әсел Найман қызы
    Әсел Найман қызы
    Бұрынғы қызметкер

    Тағы бір қайғылы оқиға: ШҚО-да өз үйінде әкесі мен ұлының мәйіті табылды

    қылмыс орны
    Қылмыс орны. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

    ШҚО-да өз үйінде әкесі мен ұлының өлі денесі табылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

    Құқық қорғау органдарының мәліметінше, Шығыс Қазақстан облысы Қатонқарағай ауданының Қабырға ауылында, өз үйлерінде зорлықпен өлтіру белгілері бар 59 және 29 жастағы екі ер адам мәйіті табылған.

    Алдын ала болжам бойынша әкесі ұлына рұқсат етілген аңшы мылтығынан оқ атқан, кейін өз-өзіне қол жұмсаған.

    Қазіргі таңда Қылмыстық кодекстің 105-бабы және 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері басталғаны белгілі болды.

    Сонымен қатар, тәртіп сақшылары істің мән-жайын жан-жақты, толық және объективті зерттеуді қамтамасыз етуге бағытталған, қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатқанын айтады.

    Бүгінде аталған фактіге байланысты сот сараптамалары тағайындалған.

    Тағы бір қайғылы оқиға: ШҚО-да өз үйінде әкесі мен ұлының мәйіті табылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.