jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Оралдағы сауда орталықтарының бірінде әйел адам траволаторда аяғын жарақаттады

    Траволатор
    Траволатор. Фото: Mgorod.kz

    Оралдағы "City Center" сауда-ойын-сауық орталығына келуші әйел траволатордан жарақат алды. Оқиғаға қатысты СОО әкімшілігі түсініктеме берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Мой город" порталына сілтеме жасап.

    Оқиға 25 желтоқсан күні таңертең болған. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, 1982 жылы туған жәбірленуші жіліншік жарақатымен облыстық ауруханаға жеткізілген, полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатқанын айтты.

    "Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға келушінің өз абайсыздығынан орын алған", – деп қосты БҚО ПД.

    Сауда орталығының әкімшілігі траволаторда (жаяу жүргіншілер мен олардың тауарларын жылжытуға арналған жылжымалы жол) болған оқиғаның егжей-тегжейін айтты.

    "Таңғы сағат 10-да әйел траволаторды басып (аяғымен) құлап түседі. Анықталғандай, кеше түнде траволаторды келісімшарт бойынша техникалық қызмет көрсетумен айналысатын компания жөндеп жатқан, бірақ олар ауыстырған баспалдақтың біреуінің орнын жаппаған",– деп түсіндірді сауда орталығының бас инженері Антон Соробян.

    Оның айтуынша, әйел баспалдақ жоқ жерді басып қалып, жарақат алған.

    "Біз бұған дейін өз күшімізбен қызмет көрсететінбіз, бізде штаттық қызметкерлер болатын және мұндай жағдай болған емес. Ал енді, бұл компания біздің бөлімшелерге бір айдан сәл астам уақыт қызмет етеді және осындай қателік жіберуде", – деді деп қосты бас инженер.

    Ол қызметкерлердің бірі зардап шегушінің аяғының қысылып қалғанын байқап, бірден жолды тоқтатқанын баса айтты.

    "Адамдар бұл қауіпсіз агрегат деп ойлайды, бірақ бұл механизмдер, бұл темір, кез келген жағдай болуы мүмкін. Адамдар аяқ астына қарамай, жүре береді, тіпті жол бойымен жүру де қауіпті, телефонға емес, аяқтың астына қарау керек, сондықтан әйел адам траволатордағы бір баспалдақтың жоқтығын байқамады", – деді Соробян.

    Ол мұндай оқиғалар бұрын-соңды болмағанын айтты. Жәбірленушіге сауда орталығының өзінен де, оларға эскалаторлар бойынша қызмет көрсететін мердігер ұйымнан да көмек көрсетіледі. Қазіргі кезде мәселе шешілді.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.