jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Әсел Найман қызы
    Әсел Найман қызы
    Бұрынғы қызметкер

    Павлодарда ер адам спектакль кезінде қайтыс болды

    Театр сахнасы. Көрнекі сурет
    Театр сахнасы. Көрнекі сурет: pixabay.com

    Павлодарда 22 қаңтар күні Чехов атындағы драма театрдағы спектакль кезінде ер адам көз жұмды. Оқиға орнына келіп жеткен медицина қызметкерлері тұрғынның қайтыс болғанын анықтаған, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

    Басылым ұсынған мәліметтерге сәйкес, ер адам демалыс күні облыстық Чехов атындағы драма театрда, спекталь кезінде өзін нашар сезіне бастаған. Осылайша тұрғындар тез арада залды босатып, актерлер спектакльдің екінші бөлімін соңына дейін сахналай алмаған.

    Өңірлік жедел жәрдем станция баспасөз қызметінің мәліметінше, Астана көшесі, 16 мекенжайы бойынша қоңырау 18.40-та келіп түскен. Алайда медицина қызметкерлері оқиға орнына жеткен сәтте тұрғынның қайтыс болғанын анықтаған.

    Ал драма театр директоры Виктор Аввакумов оқиға орнында 43 жастағы, сахнаны монтаждаушы қызметкер қайтыс болғанын мәлімдеген.

    Сонымен бірге ол ер адамның қаза болу себебі қанның ұюы екенін айтқан. Тұрғынды жерлеу рәсімі 25 қаңтарда өтеді.

    Павлодарда ер адам спектакль кезінде қайтыс болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.