jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Астанада әскери қызметкер өзен мұзының астына түсіп кеткен 10 жасар баланы құтқарып қалды

    Еріп жатқан мұз
    Еріп жатқан мұз. Көрнекі сурет: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    18 наурызда Астанада 10 жасар бала өзенге құлап кетіп, оны әскери қызметкер құтқарып қалды, деп хабарлайды Мемлекеттік күзет қызметі ресми сайтында.

    Ведомство мәліметінше, 2023 жылғы 18 наурызда кешкі уақытта Мемлекеттік күзет қызметінің әскери қызметшісі М. Розақов "Алатау" спорт кешеніне бара жатып, Ақбұлақ өзенінің жағалауы жақтан біреулердің көмекке шақырғанын естіген.

    "Көпірге жүгіріп барған ол өзеннің мұзы астына түсіп кеткен 2013 жылы туған бланы көреді. Әскери қызметші жедел әрекет етіп, баланы судан дереу шығарып алған" - делінген хабарламада.

    Мемлекеттік қызмет күзеті сайтының дерегінше, оның жұбайы шақырған жедел жәрдем бригадасы баланы спорт кешенінің ғимаратында қарағаннан кейін ол жақын туысымен бірге қалалық емдеу мекемесіне жеткізілген.

    Астанада әскери қызметкер өзен мұзының астына түсіп кеткен 10 жасар баланы құтқарып қалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.