jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Әсел Дағжан
    Әсел Дағжан
    Бұрынғы қызметкер

    Ақмола облысында ет жеген ер адам көз жұмды

    Ер адам ет жеп отыр
    Ет. Көрнекі фото: Рexels.com

    Ақмола облысында ер адам кенеттен қайтыс болды. Қазір тәртіп сақшылары бұл фактіні тексеріп жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ аймақтық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Ведомствоның мәліметінше, сәрсенбі, 22 наурыз күні Сандықтау ауданының полиция бөліміне учаскелік инспектордан Ақмола облысы ауылдарының бірінде Астана тұрғынының қайтыс болғаны туралы хабарлама келіп түскен.

    Куәгерлердің айтуынша, ер адам ет жеп отырғанда қақалып, тұншыға бастаған. Алдын ала мәлімет бойынша, өлім механикалық асфиксия салдарынан, яғни тыныс алу жолдарында қалған тағамнан болған.

    Тәртіп сақшылары ер адамның ауылға қонаққа келгенін де анықтаған. Өлімнің нақты себебі сот-медициналық сараптама кезінде анықталады.

    Ақмола облысында ет жеген ер адам көз жұмды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.