jitsu gif
Оқыс оқиға

    "Тәтті сусынмен шатастырған": Шымкентте 3 жасар сәби көлік моторын жуатын химикатты ішіп қойды

    Ойын алаңындағы бала. Көрнекі сурет
    Ойын алаңындағы бала. Көрнекі сурет: pixabay.com

    Шымкентте көліктің моторын жуатын химикатты ішіп қойған бүлдіршіннің беті бері қарады. Автокөлік жөндеп жүрген әкесінің жанында ойнап жүрген үш жасар балақай улы сұйықтықты тәтті сусынмен шатастырып алған, деп хабарлайды КТК арнасы.

    "Ойнап жүрген, күйеуім көлік жөндейді. Күйеуім тәтті сусын әкеп қоятын, сол деп ішіп қойған ғой. Негізі көбінесе химиялық ыдысында тұратын", - деді баланың анасы Іңкәр Сарыбаева.

    Арна мәліметінше, дәрігерлер химиялық затты ішкен балақайдың емдеу орталығына дер кезінде жеткізілгенін айтқан. Әйтпесе, ауыз қуысы мен өңеші, асқазаны күйген баланың жағдайы әлдеқайда ауыр болуы да мүмкін екен.

    "Ем антибактериялы терапия дейді. Емдеп жатырмыз. Баланың ішкі құрылысы, ауЫзы күйген, жағдайы орташа дәрежеде", - деді Т. Орынбаев атындағы гипербария оксигенация орталығының токсиколог-дәрігері Марат Кәкенов.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.