Көкшетауда кран құлап, 28 жастағы тұрғын қаза тапты
Жарияланған күні:

Бүгін, Көкшетау қаласындағы Әуезов көшесінде салынып жатқан үйдің аумағында кран құлап, 28 жастағы тұрғыны қайтыс болды, деп хабарлайды Polisia.kz ақпараттық медиа-порталының Telegram-дағы арнасында.
Полицияның мәліметінше, 5 сәуір сағат 11:50-де Көкшетау қаласы Полиция басқармасының кезекші бөліміне Әуезов көшесіндегі салынып жатқан үйдің аумағында мұнара кранының құлағаны туралы хабарлама келіп түскен.
"Оқиға салдарынан облыстық орталықтың 28 жастағы тұрғыны қайтыс болды", - делінген ресми хабарламада.
Осы факті бойынша полицейлер Қылмыстық кодекстің 277-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. ІІМ оқиғаның мән-жайы анықталып жатқанын жеткізді
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/accident/2015604-koksetauda-kran-qulap-saldarynan-28-zastagy-turgyn-qaitys-boldy/