jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Павлодар облысында жоғалып кеткен әйелдің денесі қар астынан табылды

    Полицейлер мен олардың көліктері
    Павлодар облысында жоғалып кеткен әйелдің мәйіті табылды. Фото: https://t.me/POLICE_of_KZ

    Бүгін Павлодар облысындағы "Тұрсын" шаруа қожалығының маңында 16 сәуірде хабар-ошарсыз кеткен Екібастұз қаласының 34 жастағы тұрғынының зорлық-зомбылық белгілерінсіз денесі қар арасынан табылды, деп хабарлайды Polisia.kz ақпараттық медиа-порталы Telegram-дағы ресми арнасында.

    Порталдың жазуынша, қазіргі таңда полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда.

    "Осы жылдың 16 сәуірінде Бесқауға ауылының тұрғындары ВАЗ-2104 автокөлігімен дала алқабына жоғалып кеткен ірі қара малды іздеуге кеткен болатын. Сағат 19.00 шамасында жұбайы көлікке оралып, әйелін күте бастады. Әйелі оралмаған соң, ер адам полицияға жүгінді", - делінген хабарламада.

    ІІМ мәліметінше, полиция жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізген. Іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін үш техника жұмылдырылған. Төрт іздеу тобы, оның ішінде Екібастұз қаласының полиция бөлімінің жеке құрамы, ТЖМ қызметкерлері, еріктілер және жергілікті тұрғындар іздеу жұмыстарына атсалысқан.

    Павлодар облысында жоғалып кеткен әйелдің денесі қар астынан табылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.