jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Ақтөбеде тұрғын үйдің жанынан екі адамның денесі табылды

    Ақтөбе қаласындағы тұрғын үй
    Ақтөбе қаласындағы тұрғын үй. Фото: t.me/POLICE_of_KZ

    Ақтөбе қаласында 24 сәуір патрульдік полиция қызметкерлері тұрғын үй кешенінің маңынан екі әйелдің денесін тапты, деп хабарлайды Polisia.kz ақпараттық медиа-портал Тelegram-дағы арнасында.

    "24 сәуір сағат 01:48 шамасында Жедел басқару орталығының 102 пультіне "Ақтөбе Ажары" 112 тұрғын үй кешенінің жоғарғы қабатынан адам құлағаны туралы хабарлама келіп түсті.

    Оқиға орнына келген патрульдік полиция қызметкерлері үйге кірер есіктің алдында екі әйелдің денесін тапты", - делінген ведомство хабарламасында.

    Медиапорталдың жазуынша, полицейлер марқұмдардың жеке басын анықтады. Олар 31 және 56 жастағы әйелдер екені белгілі болды.

    Қылмыстық кодекстің 105 бабы 2-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде. Оқиғаның себептері анықталып жатыр.

    Ақтөбеде тұрғын үйдің жанынан екі адамның денесі табылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.