jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Рамазан Есмағамбетов
    Рамазан Есмағамбетов
    Бұрынғы қызметкер

    Алматы облысында бензин толы құтының жанында сіріңке жаққан бала жансақтау бөліміне түсті

    Бензин канистрлері
    Бензин канистрлері. Көрнекі сурет: pixabay.com

    Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Ташкенсаз ауылында 2020 жылы туған бала күйік шалып, ауруханаға түсті. Бала бензин құтысының жанында сіріңке жаққан. Бұл туралы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

    Оқиға 27 мамыр күні болған. Ведомствоның баспасөз қызметінің жазуынша, оқиға орнына дереу ТЖ департаментінің қызметкерлері жіберілген. Қызметкерлер шақыру орнына келгеннен кейін екі бала жеке тұрғын үйдің ауласында ойнап жүріп, олардың біреуі бензин құтысының жанында сіріңке жағып, абайсызда мойын, арқа, бөксе, оң иық аймағында II-III дәрежелі 20-29 пайыз термиялық күйік алғаны анықталған. Салдарынан балалар Еңбекшіқазақ ауданының орталық ауруханасына жатқызылған. Бір бала реанимация бөлімінде.

    ТЖД ресми сайтындағы ақпарат бойынша қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау арқылы ғана азаматтар осыған ұқсас оқыс оқиғалардан аулақ бола алады.

    Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті азаматтарға мынадай кеңес береді:

    • балаларды қараусыз қалдырмау;
    • жанғыш заттары бар канистрлерді балалардың қолы жететін жерлерде сақтамау;
    • балаларға сіріңке ойыншық емес екендігі туралы балалармен түсіндірме әңгіме жүргізу;
    • өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау.

    "Балалардың көзіне түскен сіріңкелер өрттің себебі болады. Әлемді білуге, әр түрлі материалдарды өртеу арқылы тәжірибе жасауға деген ұмтылыс, сіріңкелермен жұмыс істеу дағдыларының болмауы, әдетте, балалардың өздері үшін де, айналасындағылар үшін де қайғылы салдарға әкеледі", - деп ескертті Төтенше жағдайлар департаментінде.

    Алматы облысында бензин толы құтының жанында сіріңке жаққан бала жансақтау бөліміне түсті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.