jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    "Денесі суда қалқып жатқан": Шымкентте екі жасөспірім өзенге батқан 6 жасар баланы аман алып қалды

    Баланы судан құтқарған жасөспірімдер. Фото
    Баланы судан құтқарған жасөспірімдер. Фото: Шымкент қалалық ТЖД

    Шымкентте екі жасөспірім суға кеткен 6 жасар балақайды аман алып қалды. Батылдық танытқан екі жасөспірім де Шымкенттегі № 128 мектептің оқушылары, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Оқыс оқиға Шымкент қаласындағы Игілік тұрғын алабының аумағынан ағып өтетін Бадам өзені  бойында орын алған.

    Шомылуға келген бір топ бала 9-сынып оқушысы Рамазан Аманкелдиев және 8-сынып оқушысы Ердәулет Шыңғысханға кішкентай баланың өзенге батып кеткені туралы айтады.

    Бұған сеніңкіремесе де қос жасөспірім оқиға орнына  барады. Суда баланың денесі қалғып жүргенін көріп, еш саспаған қос батыр дереу оны жағаға алып шыққан. 14-15 жастағы екі жасөспірім бүлдіршіннің іші ісіп, өзі көгеріп жатқанын байқап, тез арада екеулеп кезектесіп реанимациялық іс-әрекеттерге кіріскен. Тоқтаусыз және дер кезінде көмектің нәтижесінде баланың ауызынан су шығып, демала бастайды. Өз-өзіне келген соң алты жастар бала не болғанын түсінбей жылаған.

    "Баланың амандығын көрген  Рамазан мен Ердәулет қуанып кетеді. Осылайша дер кезінде көмекке келіп, алғашқы медициналық көмек көрсеткен екі жасөспірімнің арқасында кішкентай балапан  аман қалды. Бүгінгі күннің батырлары қаладағы № 128 жалпы орта мектептің 8 сынып оқушысы Ердаулет Шыңғысхан және оның досы 9-сынып оқушысы Рамазан Аманкелдиев. Жарайсындар батырлар!" - дейді Шымкент қалалық ТЖД баспасөз хатшысы Зарипа Абдуллақызы. 

    Материал авторы: Жанар Пердешқызы

    "Денесі суда қалқып жатқан": Шымкентте екі жасөспірім өзенге батқан 6 жасар баланы аман алып қалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.