jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Түркістан облысында 5 жасар бала терезеден құлап кеткен

    Терезеде отырған бала
    Көпқабатты үйдің терезесінен қарап отырған бала. Көрнекі фото: pexels.com

    Қазақстанда тек бір тәуліктің ішінде елімізде екі бала терезеден құлап кеткен. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Төтенше жағдайлар министрлігінің Telegram-дағы ресми арнасы сілтеме жасап хабарлайды.

    Ведомство мәліметінше, 8 маусымда Жезқазғандағы 5 қабатты тұрғын үйде ересектердің қарауынсыз қалған 2021 жылы туған бала 3-қабаттың терезесінен құлап, ауруханаға жатқызылған.

    "Түркістан облысындағы Таукент ауылында 5 қабатты тұрғын үйде тағы да ересектердің қарауынсыз қалып, 5-қабаттың терезесінен құлап, үй иесінің 2018 жылы туған ұлы сол жерде қайтыс болды", - делінген хабарламада.

    Сонымен қатар ТЖМ ата-аналар назарына баланы терезеден құлаудан қалай қорғауға болады деген тақырыпта нұсқаулық ұсынды.

    ТЖМ нұсқаулығы
    ТЖМ нұсқаулығы. Графика: https://t.me/qr_tjm

    Түркістан облысында 5 жасар бала терезеден құлап кеткен

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.