jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Әсел Дағжан
    Әсел Дағжан
    Бұрынғы қызметкер

    Қапшағайда суға батып бара жатқан жасөспірім құтқарылды

    Қапшағай
    Қапшағай. Фото: Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі

    Қапшағай су қоймасында суға батып бара жатқан жасөспірім құтқарылды. Бұл туралы Алматы облысы ТЖД Telegram-дағы ресми арнасында мәлімдеді.

    9 маусым күні сағат 18:20-да Алматы облысы ТЖД кезекші бөліміне жасөспірім қыздың Қонаев қаласындағы Қапшағай су қоймасының қалалық жағажайында суға батып бара жатқаны туралы хабарлама келіп түскен.

    "Оқиға орнына Қонаев қаласының жедел-құтқару жасағының қызметкерлері  дереу жіберілді.  Жасөспірім қыз шомылу кезінде жағадан 200 метр қашықтыққа жүзіп кеткен және құрлыққа өз бетінше орала алмаған", – делінген облыстық ТЖД хабарламасында.

    Құтқарушылар қызды ата-анасы күткен жағаға жеткізген. Жасөспірім медициналық көмекке мұқтаж болмаған.

    Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті азаматтардан судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұрайды.

    Қапшағайда суға батып бара жатқан жасөспірім құтқарылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.