jitsu gif
Оқыс оқиға

    Шымкентте келісімшарт бойынша жұмыс істеп жүрген әскери қызметші қайтыс болды

    Әскери оқу-жаттығу
    Әскери қызметкерлер. Көрнекі фото: facebook.com/nationalguardkz

    Шымкентте келісімшарт бойынша қызмет етіп жүрген әскери қызметші жүгіру жаттығуынан кейін жансақтау бөліміне түсіп, ауруханада көз жұмды. Бұл туралы Ұлттық ұланның "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Ведомство хабарлауынша, 15 маусым күні Шымкент қаласындағы 6506 әскери бөлімінің жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес, әскери қызметшілер ойлы-қырлы жермен қашықтыққа жүгіру бойынша жаттығу өткізген.

    "Жаттығу аяқталғаннан кейін келісімшарт бойынша жұмыс істеп жүрген әскери қызметші Бекжан Байжанов өзін жайсыз сезініп, оған бірден алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Әрі қарай ол Шымкент қаласының Бірінші қалалық клиникалық ауруханасына жеткізіліп, жансақтау бөліміне жатқызылды. Келесі күні сағат 17.15 шамасында әскери қызметші қайтыс болды", – делінген Ұлттық ұланның "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

    Ведомство оқиғаның себебі мен мән-жайын анықтау үшін қызметтік тергеу жүргізілетінін атап өтті.

    "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы мен ҚР Ұлттық ұланының 6506 әскери бөлімінің қолбасшылығы әскери қызметші Бекжан Байжановтың туған-туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтады. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер тергеу мүддесі үшін жария етілмейді", – деп атап өтті ведомстводан.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.