jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    СҚО-да полиция бөлімшесінің жанынан 56 жастағы ер адамның денесі табылды

    Полицей
    Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

    Солтүстік Қазақстан облысындағы аудандардың бірінде полицияның әкімшілік ғимаратының аумағынан ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды КТК телеарнасының сайты.

    Аталған оқиғаға қатысты полицейлер пікір білдірді.

    "27 маусым күні сағат 07:00 шамасында Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне аудан орталығы Новоишимде полициясының әкімшілік ғимаратының аумағында денесінде зорлық-зомбылықпен өлтірілген белгілер байқалмаған 56 жастағы ер адамның денесі табылғаны туралы хабарлама келіп түсті", – дейді полиция өкілдері.

    Полицейлер бейнебақылау камералары арқылы ер адамның жүргінші жолағымен аудандық полиция бөлімінің №2 әкімшілік ғимаратына қарай өтпек болғанын анықтаған.

    Телеарнаның хабарлауынша, ер адам ғимарат аумағына өткен, кейін оның денесі табылған.

    Полицейлер әкімшілік ғимараттың аумағы күзетілмегенін және бас полиция ғимаратынан 100 метр қашықтықта орналасқанын айтқан.

    Аталған факті сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелген.

    "Қазіргі уақытта істің мән-жайын зерттеуге бағытталған тиісті сараптамалар мен қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, соның қорытындысы бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданады", – деп хабарлады СҚО ПД баспасөз қызметі.

    Ведомство қызметтік тексеру тағайындалғанын қоса мәлімдеді.

    Дереккөз: КТК

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.