jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Рамазан Есмағамбетов
    Рамазан Есмағамбетов
    Бұрынғы қызметкер

    Алматы облысында шенеунік мереке кезінде қайтыс болды

    Ассы үстірті
    Ассы үстірті. Фото: Education Images/Getty Images

    Алматы облысында Еңбекшіқазақ ауданындағы Асы үстіртінде өткен мерекеде әкімдік қызметкері қайтыс болды. Бұл туралы облыс әкімдігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Ведомствоның хабарлауынша, Еңбекшіқазақ ауданындағы Ассы үстіртінде жыл сайынғы дәстүрлі Agro-Business Forum Assy-2023 форумы өткен болатын.

    Іс-шара аяқталғаннан кейін қонақтардың бірі өзін нашар сезінген. Кезекшілікте болған медицина қызметкерлері оған шұғыл көмек көрсетті. Бірақ барлық әрекеті нәтижесіз болған, ер адам есін жимай қайтыс болды.

    Алматы облысы әкімдігінің хабарлауынша, марқұм Бәйтерек ауылдық округі әкімінің аппаратында бас маман болып жұмыс істеген. Сол күні ол мерекеге демалушы ретінде барған еді.

    Асы үстірті теңіз деңгейінен 2800 метрден астам биіктікте орналасқан. Ведомствоның болжауынша, бұл жағдайдың орын алуына қызметкердің өзін нашар сезінуі себеп болған.

    "Әріптестің қазасы - ұжым үшін орны толмас қайғы. Марқұмның отбасына материалдық көмек көрсетіледі", - деді Алматы облысының әкімдігінде.

    Алматы облысында шенеунік мереке кезінде қайтыс болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.