jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    "Алжир" музейінде лифт құлап, екі әйел ауруханада жатыр

    Лифт батырмасы
    Лифт батырмасы. Көрнекі фото: pexels.com

    "Алжир" музейінде лифт құлап, салдарынан екі әйел жарақат алып, ауруханаға түскен. Бұл туралы ҚазАқпарат Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

    Өңірлік полицияның ақпаратына сүйенген агенттіктің жазуынша, 16 шілдеде елордадағы Травматология және ортопедия ұлттық ғылыми-зерттеу орталығына түрлі дене жарақатын алған екі әйел жеткізілген.

    "1940 жылғы елорда тұрғыны мен 1969 жылғы Ақмол ауылы тұрғынының түрлі дене мүшесі сынған. Алдын ала белгілі болғандай, олар "АЛЖИР" музейінде жүріп, лифт құлаған кезде жарақат алған", - делінген полиция хабарламасында.

    Агенттіктің хабарлауынша музейде лифттің құлау фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 306 бабы 2-бөлігі 2-тармағы ("Қауiпсiздiк талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтер көрсету") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.