jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    "Атырау-Астрахань" бағытындағы пойызда 13 жастағы бала көз жұмды

    Вагон іші
    Вагон іші. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    "Атырау-Астрахань" бағытындағы пойызда лагерьге кетіп бара жатқан 13 жастағы бала көз жұмды. Бұл ақпаратты "Қазақстан Темір жолы" ҰК" АҚ растады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ компанияның ресми сайтына сілтеме жасап.

    ҚТЖ мәліметінше, 2023 жылғы 7 тамызда №625 "Атырау-Астрахань" пойызында 2010 жылы туған бала қайтыс болды. Бала лагерьге балалар тобының құрамында төрт тәлімгермен бірге барған. Компания ақпартынша, балалар тобының өздерімен бірге тамағы болған.

    "Пойыз жүрген соң 1,5 сағаттан кейін бала өзін нашар сезінген. Пойыз бригадасы нұсқау бойынша әрекет етіп, жедел жәрдем шақырылды. Жедел жәрдем қызметкерлері Нарын станциясына келіп, баланы тексеріп, оның қайтыс болғанын анықтады", - делінген хабарламада.

    "Қазақстан Темір жолы" баспасөз қызметінің ақпаратынша, баланың неден көз жұмғаны сараптамадан кейін белгілі болады.

    "Атырау-Астрахань" бағытындағы пойызда 13 жастағы бала көз жұмды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.