jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    Қарағандыда аялдамадан ер адамның денесі табылды

    Мәйіт
    Көрнекі фото: pixabay.com

    Қарағандыда аялдамалардың бірінен ер адамның денесі табылды. Полицияның мәліметінше, істің мән-жайы анықталуда, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Ер адамның денесі табылғаны туралы ақпаратты блогер Денис Денски өзінің Instagram парақшасында жариялады.

    "Бүгін кешке блог оқырманы Қарағандыдағы аялдамада болжам бойынша ер адамды найзағай соққанынын хабарлады. Оқырманымның ақпаратынша, Майқұдық полициясы жігіттің туыстарын іздестіруде. Жігіттің телефоны болған, ол қосылмай тұр. Өйткені найзағай кезінде смартфонға зақым келген. Анық-қанығы анықталуда", - деді қарағандылық.

    Ал полиция ер адамның жеке басы анықталмағанын хабарлады. Қазір құқық қорғаушылар оқиғаның мән-жайын анықтауда.

    "Аталған факті тіркелді. Ер адамның жеке басы анықталуда. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Мән-жайы анықталуда", - деді Қарағанды облысы полиция департаментінен.

    Қарағандыда аялдамадан ер адамның денесі табылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.