jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    "Құдай сақтап қалды": Жамбыл облысында 5 сынып оқушысы кәріз құдығына түсіп кетті

    адамның аяғы
    Көрнекі фото: pexels.com

    Жамбыл облысы Аса ауылында мектеп оқушысы ашық жатқан кәріз құдығына түсіп кетті. Баланы ауыл тұрғындары құтқарып алды. Оқушының киімімен қоса оқулықтары да су болған. Денсаулығына зақым келмеген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Аталған жағдай әлеуметтік желідегі парақшалардың бірінен белгілі болды. Видеоны түсірген әйел баланың шошынып қалғанын айтады.

    "Әуезов көшесіндегі ашық жатқан кәріз құдығына бала түсіп кетті. Ауыл тұрғындары құтқарып қалды, байқамаса мына балаға не болар еді. Құдай сақтап қалды. Шошынып қалған. Кәріз құдығының іші толған су", - дейді автор.

    Бұл жағдайға байланысты Жамбыл облысы білім басқармасының баспасөз хатшысы пікір білдірді. Оқиға 5 қыркүйекте болған.

    "Кешкі уақытта Аса ауылындағы орта мектептің 5 сынып оқушысы Әуезов көшесінің бойындағы ашық кәріз құдығына түсіп кеткен.

    Баланы ауыл тұрғындары шығарып алған. Анасы екеуі дәрігерге қаралған. Баланың денсаулығына еш зақым келмеген. Дәрігерлердің қарауынан кейін үйіне қайтарылған. Оқиға салдарынан оқушының су болған оқулықтары мектеп тарапынан қайта қалпына келтірілді. Қазіргі таңда кәріз құдығы жабық", - дейді білім басқармасының өкілі.

    "Құдай сақтап қалды": Жамбыл облысында 5 сынып оқушысы кәріз құдығына түсіп кетті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.